Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай осы қаланың ортасында,Ешқашан қозғалмайды да сол қала,Құдай көмегін береді таң ата. Сионға жақындап барыңдар,Шаһарды айналып шығыңдар,Барлық мұнараларын санаңдар, (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Иеге сенім артқандарСион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар. Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды,Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды,Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды. Сондықтан Жаратқан Иенің Ассур патшасы туралы айтқаны мынау: «Ол бұл қалаға кірмейді, оған бірде-бір жебе атпайтын да болады! Жасақшылары қалқан ұстап оған жақындамайды, тас-топырақтан үймек жасап, қамалынан өтпейді. Халқым, шатырыңның орнын кеңейтіп ал! Оның жапқыштарын аямай созып, жіптерін ұзын етіп, қазықтарын мықтап қақ!
Выбор основного перевода