Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бабыл қаласы — патшалықтардың сән-салтанаты, халдей халқының асқақ мақтанышы. Алайда Мен, Құдай, Содом мен Ғомораға істегенімдей, Бабылдың да астан-кестенін шығарамын. Бабыл бүкіл жер бетін тоқпақтаған балға іспетті талқандап келеді. Енді оның өзі шабылып, күл-талқан болады. Халықтардың арасында Бабыл қорқынышты көрініске айналмақ. — Уа, үлкен өзен салаларының бойында орналасып, байлыққа мейлінше кенелген қала! Кенеттен ажалың жетіп, өмірің үзіледі. Алайда бір күні бәрі Бабылды мысалға айналдырып, сықақ әндерімен мазақтап былай дейтін болады:«Ұрлағандарын жинап, зорлықпенБасқалардан тартып алғандарыменШексіз байыған ол қасіретке қалады!Ұзаққа созылар ма сол қылықтары?!» «Өзгелерге көрсеткен зорлық-зомбылықтарын өзіне көрсетіңдер, жаман қылықтарына сай екі есе қылып қайтарыңдар! Оның басқаларға арнап араластырған «өз тостағанындағы шарабына» азғындықты екі есе қылып қосып өзіне дайындап беріңдер!
Выбор основного перевода