Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Парсы патшасы Кирдің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Жаратқан Ие оның жүрегіне түрткі салып, бүкіл патшалығы бойынша жарлық шығартып, хат та жазғызып жібертті. Бұл, Жаратқан Иенің Еремия арқылы алдын ала айтқан сөзінің жүзеге асуы үшін болды. Хатта былай деп жазылды: «Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады. Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам сол жаққа өрлеп барсын! Құдайы Жаратқан Ие оған жар бола көрсін!» Орныңнан тұрып, Сионға рақым етші,Енді уақыт болды, мейірім көрсетші,Соған белгілеген мезгілің жетті. Уа, Сион қаласы, еңсеңді көтеріп, айналаңа қара! Халқың жиналып, саған қайтуға дайындалып жатыр! Ұлдарың алыс жолдан келіп, қыздарың баппен көтеріліп әкелінеді. Оларды көргенде жүзің нұрланып, жүрегің дүрсілдеп, шат-шадыман боласың. Сен теңіздің мол байлығын иемденіп, халықтар өз қазыналарын саған ұсынады. Қамалыңды жат жерліктер қайта тұрғызады, олардың патшалары да саған қызмет ететін болады. Сион, Мен қаһарланып, сені жазалаған едім. Енді саған риза болып, жанашырлық білдіремін. Тағы былай деп те жарияла: Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Менің қалаларым қайтадан ағыл-тегіл дәулетке кенеледі. Мен, Жаратқан Ие, тағы да Сионды жұбатып, Иерусалимді Өзімнің қалам деп таңдап аламын». Жаратқан Ие Яһуданы Өзіне бағышталған қасиетті еліндегі айрықша үлесі ретінде қабылдап, Иерусалимді (өз қаласы болуға) қайтадан таңдап алады. Көптеген халықтар мен күшті ұлттар Әлемнің Әміршісі Жаратқан Иеге сиынып рақым етуін өтіну үшін Иерусалимге келетін болады». Әлемнің Иесі тағы мынаны айтады: «Сол күндері әрбір яһудалық адамның киімінен әр түрлі тілдер мен ұлттардың он адамы ұстап алып: Құдайдың сендерге жар болып, сендермен бірге екенін естігенбіз. Өзіңмен бірге баруға рұқсат ете көрші, — деп жалынатын болады». Ол кезде сендер Мәсіхтен мүлдем алшақ болып, Исраил халқынан тыс және Құдайдың Келісімдерінде берген уәделерінен шет қалдыңдар. Құдайды танымай, үмітсіз өмір кештіңдер. Алайда Иса Мәсіхтің қанын төгіп, құрбан болғандығы арқылы бұрын алшақ жүрген сендер енді Құдайға жақындадыңдар. Мәсіх — татулығымыздың Бастауы: Ол екі топқа бөліп тұрған қабырғадай өштестікті жойып, алып тастап, екі жағын біріктірді. Мәсіх өз денесін біз үшін құрбан еткенде, Таураттың өсиеттері мен ережелерін (орындауды құтқарылу жолы ретінде) күшінен айырды. Осылай Ол яһуди және басқа ұлттық сенушілерді Өзімен байланысқан бір жаңа халық етіп қайта жасап, өзара татуластырды. Мәсіх айқыштағы құрбандығымен екеуінің өштестігін жойып, бір рухани дене (біртұтас қауым) болып біріккен екеуін Құдаймен татуластырды. Сөйтіп Ол келіп, Құдайдан алшақ жүрген сендерге және жақынырақ тұрған біздерге татулық туралы Ізгі хабарды жариялады: екі жағымызға да Мәсіх арқылы бір Киелі Рухтың арқасында Құдай Әкеге сиынуға жол ашылды. Сонымен сендер енді не бөтен, не келімсек сияқты емес, Құдайдың халқы болып келген яһуди сенушілерімен бірдей, сол халықтың азаматысыңдар, тіпті «Құдайдың отбасысының мүшелерісіңдер»!
Выбор основного перевода