Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Зар жылаңдар, Жаратқан Иенің (соты) күні таяп қалды! Сол кезде құдіреті шексіз Құдай жерді талқандайды. Бірқазан мен кірпі оны иемденіп, үкі мен қарға сонда ұяларын салады. Құдай Едомның жерін тәптіштеп өлшеп, оны ретсіз, тіршіліксіз бос жатуға бағыштайды. Енді Едомды «Патшалық жоқ» деп атайтын болады, оның әміршілерінің барлығы да жоғалады. Оның қорғандарын тікенді бұталар басып, бекіністі қалаларын қалақай мен ошаған жайлап кетеді. Осы жер шибөрі мен түйеқұстың тұрағына айналмақ. Сонда иен даланың аңдары қорқау қасқырларға ұшырасып, жабайы текелер бір-бірін маңырап шақырады. Түнгі аңдар сол жерде демалып, тыным табады. Жапалақтар сонда ұяларын салып, жұмыртқаларын басады. Балапандарының үстіне қанаттарын жайып, оларды жинайды. Лашындар да сол жерге жұптасып келеді. Бірақ жетпіс жыл өткен соң, Мен Бабыл патшасын да, оның халқын да ауыр кінәлары үшін жазалап, халдейлердің елін мәңгілікке қаңыраған қу далаға айналдырамын. Қаланың ортасында отар-табындар мен әр түрлі аңдар жайылып, дамылдайтын болады. Бірқазан мен батпақ жапалағы қираған сарайлардың бағаналарының бастарын паналап, дауыстары терезелерден жаңғырады. Есіктерді үйінділер бөгеп, самырсын тақталары сыртқа шығып жатады.
Выбор основного перевода