Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы себептерден де Жаратқан Ие Өзінің халқына деген қаһарын лаулатып, оны жазалау үшін қолын көтеріп тұр. Оның құдіретінен таулар сілкінеді. Сонда өлгендердің денелері қоқыстай далаға лақтырылады.Соның өзінде Жаратушының қаһары әлі де басылған жоқ, Оның құдіретті қолы жазалау үшін көтеріліп тұр! Осы қалада қандай құқығың бар, қандай тума-туыстарың бар? Төбе басындағы жартасты үңгітіп, өзіңе керемет қабір дайындауға қалай дәтің барады? Ей, күшті адам, Жаратқан Ие сені қатты қысып ұстап, алысқа лақтыра салады. Ол сені жүн шумағындай қағып алып, ұлан-ғайыр елге лақтырып жібереді. Сен сол жерде өліп, өзіңнің сондай сән-салтанатты күймелерің де сонда болады. Саған бола қожайыныңның әулеті масқараланады. Содан өліктері далаға лақтырылып, қабірге қойылмай, шіріп, сасып жатады. Төгілген қандарынан тау-төбелердің топырағы ылғалданады. Қайта, оның өлігін есектің өлімтігіндей Иерусалимнің қақпасынан сыртқа сүйреп шығарып, далаға лақтырып тастайды! Алайда сол адамдар қалаға кірген бойда Ысмағұл мен оның сыбайластары оларға бас салып өлтіріп, өліктерін жер астындағы су қоймасына лақтырып тастады. Ысмағұл өліктерге толтырған осы үлкен су қоймасын баяғыда Яһуда патшасы Аса Солтүстік Исраил патшасы Бағасаға қарсы құрған бекіністердің бірі ретінде қаздырған еді. Ал енді Нетаниях ұлы Ысмағұл сол су қоймасын өліктермен толтырып тастады.
Выбор основного перевода