Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бабыл тіпті аспанға дейін асқақтап, зәулім қорғанын одан бетер нығайтса да, Мен оған қарсы құртушы жауларын жіберемін! — деп ескертеді Жаратқан Ие. «Пендем, Тирдің әміршісіне мына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жүрегің мейлінше асқақтап сен өзің туралы: «Мен тәңірмін, теңіз ортасындағы тәңір тағында отырмын!» дейсің. Өзіңді тәңірмін деп сезінесің, бірақ сен Құдай емес, жай ғана пендесің! Иерусалимге жылы сөз айтыңдар,Мына хабарды оған жариялаңдар:«Өтіп кетті басыңдағы ауыр кезең,Кінәңнің құны өтеліп, кешірілдің!Себебі Жаратқан Иенің қолы сағанБар күнәңнің жазасын берді молынан». Оның құдіреті тіпті аспанға дейін жетіп, «көктің әскеріне» бас салды. Солардың кейбіреулерін жерге лақтырып, аяғымен таптады. Ал, Қапарнаум қаласы, сенің атың мақталып, көкке шығарыла ма? Жоқ, сен түпсіз тұңғиыққа құлайсың! Егер сенде жасалған кереметтер ежелгі Содомда орын алған болса, сол қала күні бүгінге дейін сақталған болар еді. Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған.
Выбор основного перевода