Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
(Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры.) Қала іргесін салды Құдай қасиетті тауда,Сионның қақпалары ұнамдырақ ЖаратқанғаЖақып ұрпағының барлық басқа тұрағынан да. Жұрт былай демек Сион қаласы жайында:«Осындай да осындай ер туған мұнда,Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала». Жаратқан Ие Сионды қайта тұрғызбақ,Өз салтанатымен сонда пайда болмақ, Сондықтан Жаратушы Тәңір Иенің айтқаны мынау:«Міне, Мен аса құнды «Тасты» таңдап алдым,Оны Сиондағы үйімнің бұрышыныңІргетасы ретінде орнатып қоямын.Енді Оған сенімін артқан ешкімҰятқа қалмайтын болады лайым. Сол кезде Ассур патшасына «Құштық патша Тирхақ сізге қарсы соғысуға аттанып келе жатыр» деген хабар жетті. Мұны естіген Ассур патшасы Езекияға елшілерін жіберіп, оларға мына тапсырманы берді: Қайта, сендердің араларыңда Жаратқан Иенің есіміне сенім артқан қарапайым да кішіпейіл халықты қалдырамын. Сөйтіп келісім сол күні жойылды. Ал отардың езіліп, тапталған қойлары мені бақылап тұрып, бұл сөздің Жаратқан Иеден келгенін ұқты.
Выбор основного перевода