Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар пайғамбарға мына сәлемді жеткізді:— Езекия сізге былай дейді: Бүгінгі күн біз үшін азапқа, балағатқа, масқараға толы күн болып тұр! Толғатып отырғанымен баласын тууға тым әлсіз әйелдей бейшара күйдеміз. Бойларын қорқыныш кернеді,Толғатқан әйелдей қиналды. Осыдан тұла бойым қалтырап, қатты ауырып жатырмын. Толғақ қысқан әйелдей азапқа баттым. Көріністе көріп-естігендерім мені абыржытып, әбден түңілдірді. Толғақ қысқан әйелдің аурудан бүрісіп айқайлағанындай, біз де көз алдыңда қиналдық, уа, Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода