Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар кемемен (Қызыл теңіз арқылы) Опыр жеріне жүзіп барып, сол жақтан төрт жүз жиырма ат басындай алтын алып келіп, Сүлеймен патшаның қолына тапсырды. Сол күн туғанда әрбір ер адамға жеті әйел жармасып, оған: «Нанымызды өзіміз тауып жеп, киімімізді өзіміз тауып киеміз. Тек күйеуіміз болып, масқаралықтан арылта көріңіз!» — деп жалынып-жалбарынады. — Тәңір Ие, мұндай жайт қашанға дейін созылады? — деп сұрағанымда, Оның жауабы мынау болды:— Сол жайт қалалар қирап, қаңырап бос қалғанша, үйлер ешбір тұрғынсыз, егіндіктер ойрандалып, иесіз қалғанға дейін созылмақ. Сонда Мен, Жаратқан Ие, халықтың бәрін алысқа қуып жіберіп, бүкіл елді талқандатып, айдалаға айналдырамын.
Выбор основного перевода