Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Менменнің көзі төмен түсіп, адамзаттың асқақтығы талқандалатын күн туады! Сонда жалғыз Жаратқан Иенің ғана мерейі үстем болады. Қайта, жарлыларға әділдікпен төрелік айтып, жердің жапа шеккендерінің заңды мүдделерін қорғайды. Оның аузынан шыққан үкімдер осы дүниеге дүре соққан таяқ сияқты: айтқан әмірлерімен зұлымдардың көздерін құртады. Біліп алыңдар, Жаратқан Ие Өзінің көктегі тұрағынан шығып, жер бетін мекендеген адамдарға олардың әділетсіз істеріне бола назарын аударады. Жер бетіндегі қантөгіс атаулы әшкереленіп, жер ондағы өлтірілгендерді бұдан былай жасырмайтын болады. Біз Моабтың ерен тәкаппарлығы мен өркөкіректігі, оның менмендігі мен кердеңдігі әрі керенау паңдығы туралы естігенбіз.
Выбор основного перевода