Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Миқая былай деді:— Мен (бір көріністе) бүкіл Исраилдің бағушысы жоқ қойлар сияқты қыраттарда бытырап жүргенін аянда көрдім. Сонда Жаратқан Ие мынаны айтты: Бұлардың қожайыны жоқ екен. Дұрысы, барлығы үйлеріне тыныштықпен қайтсын! Бабыл еліндегі егін егіп, өнімін жинайтын диқандарының көздерін құртыңдар! Бабылға жер аударылып келген әркім зорлықшыл жаудың семсерінен құтылып, өз халқына, өз жеріне қайта оралсын! (Қаладағы шетелдіктер:)— Біз Бабылды емдеген едік, бірақ ол енді сауықпайды. Оны осылай қалдырып, әрқайсымыз өз елімізге қайтайық! Өйткені оған шығарылатын үкім ғаламат зор, аспанға дейін жететін болады, — дейді. Иса қайықтан түскенде, қарақұрым халықты көріп, оларға жаны ашыды. Себебі адамдар бағушысы жоқ қойлар сияқты бейшара еді. Сондықтан Иса жиналғандарға көп тәлім берді.
Выбор основного перевода