Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Аспандағы күн, ай және жұлдыздар еріп кетеді. Аспан шиыршық кітаптай шиырылады, әрі жұлдыздар жүзім бұтағынан не інжір ағашынан түскен құрғақ жапырақтай жерге құлап түспек. Аспанға көз жүгіртіп, жерге де назар аударыңдар: аспан түтіндей ғайып болып, жер ескі киімдей пайдасыз болып қалады, оның тұрғындары шыбын-шіркей секілді лезде өліп құриды. Бірақ Менің құтқаруым мәңгілік болады, әділ билігімнің шегі болмайды. Бірақ Жаратқан Ие — шынайы Құдай! Ол — тірі Құдай әрі мәңгілік Патша! Ол қаһарланғанда жер сілкініп, ұлттар Оның қаһарына төтеп бере алмайды. Осыларың үшін бүкіл ел шайқалып, оның тұрғындары қайғыға батпай ма? Расында жер Мысырдың Ніл өзеніндей көтеріліп әрі тасып, сосын қайтадан басылып, төмендейтін болады». Әлемнің Иесі мынаны да айтады: «Біраздан кейін Мен тағы да аспан мен жерді, теңіз бен құрлықты шайқалтамын!
Выбор основного перевода