Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бабыл бір төбе үйіндіге, шибөрілердің мекеніне айналады. Содан басқалар аңтарыла жандары түршігіп, оны ысқырып табаламақ. Онда ешкім тұрмайтын болады. Бабылдың бүкіл халқы олжаны сағынған арыстандай ақырып, арыстанның күшігіндей ырылдайды. Олардың тәбеті қозған кезде, Мен оларға арнап басқа бір той өткіземін. Олар сонда көңіл көтеріп, мас болып, ұйқыға батады, ал соларынан ешқашан оянбайды! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Мен оларды тоқты, қошқар, серкелер іспетті союға алып келемін. Бүкіл әлемнің мақтанышы — Шешахтың жеңіліп, қолға түсетіні қандай болмақ! Бабыл халықтар арасында қандай қорқынышты көрініске айналады десеңші! Жау Бабылды теңіздей қаптап, қала оның шексіз асау толқындарының астында қалады. Оған қарасты елді мекендер де қаңырап бос қалып, қуаңшылық басқан, ешкім мекендемейтін және ол арқылы ешкім өтпейтін шөлге айналады. —
Выбор основного перевода