Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайдың нөкерлері бір күні (көкте) Жаратқан Иенің алдында тұруға келгенде әзәзіл шайтан да олармен бірге келді. Құдайдың салтанатты ұлылығынАспан әлемі ашық паш етеді,Оның қолының керемет істерінӘуе кеңістігі де көрсетеді, Осыларды олар жариялайды күнде,Бұл білімді мәлімдейді әр түнде. Сол «үндерін естімеген» ешбір тіл де,Ешқандай ұлт та қалмайтын болады. «Үндері» жайылады бар жер бетіне,«Сөздері» жердің шетіне таралады.Құдай күнді аспанда орналастырған. Тақта Отырғанның алдынан отты өзен шығып, ағып жатты. Сан мыңдаған нөкерлер Оған қызмет етіп, он мыңдаған түмендер Оның еркін орындауға дайын тұрды. Бүкіл сот тақтарына отырып, арнайы кітаптар ашылды. Кенеттен періштенің қасына көктегі періштелердің үлкен бір тобы қосылып, Құдайды былай деп дәріптеді: «Заңғар көкте Құдай мадақталсын!Жер жүзінде Өзі риза болғанАдамдарға тыныштық болсын!»
Выбор основного перевода