Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие тау басына от жалынына оранып түскендіктен, Синай тауын түгел түтін жапты. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін шығып, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды. Сонда Жаратқан Ие оған мына бұйрығын жеткізді: «Үңгірден шығып, тау басында Жаратқан Иенің алдында тұр! Сол жерден Жаратқан Ие өте шығады».Кенеттен Жаратқан Иенің алдында тауларды жарып, құздарды талқандаған алапат күшті дауыл соқты, бірақ дауыл ішінде Жаратқан Ие болмады. Одан кейін жер сілкінді, бірақ Жаратқан Ие жер сілкінісінде болған жоқ. Содан соң шақырып алшы, өзім жауап беремін. Немесе мен сөйлеймін, ал Сен айтқандарыма жауап қайтарсаң екен. Қаһарыңды төгіп, тәкаппар атаулыға көз салып, оларды жуасытып көр. Қарасам, солтүстік жақтан бір алапат құйын келе жатыр екен. Ол найзағайы оттай жарқылдап тұрған, жан-жағынан жарқыраған нұрмен көмкерілген үлкен қалың бұлт екен. Ал оттың ортасы жылтыр қола іспетті жарқырап тұрды.
Выбор основного перевода