Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол жер бетіне жаңбыр жаудырып, егістікті суға қандырады. Ол айлакер қулардың жоспарларын бұзып, оларды табысқа жеткізбейді. Жасаған Ие судың тамшыларын көтеріп алып, олар тұман болып тазаланып, жаңбыр жауғанда жерге қайтып түседі. Жаратқан аспанды бұлттармен жабады,Жер бетіне жаңбырды жаудырады,Тау-төбені көк шөппен жамылдырады. Басқа ұлттардың түкке тұрғысыз жалған тәңірлері жаңбыр жібере ме? Әлде аспан өзінен-өзі нөсерді жаудыра ма? Жоқ, соны істейтін тек Сен ғана, уа, Құдайымыз Жаратқан Ие! Саған үмітімізді артамыз, өйткені осының бәрін де жасайтын Сенсің!
Выбор основного перевода