Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты. Сен жерді берік негізге орнаттың,Ол ешқашан қозғалмайды орнынан. Пайда болдым терең теңіз болмағанда,Суға толы қайнарлар ақпағанда, Таулар әлі де орнамай тұрғандаТудым, һәм төбелер жоқ болғанда, Тәңір Ие әлі жаратпастан бұрынЖер, дала, әлемнің алғашқы топырағын. Сонда болдым Ол аспанды орнатқанда,Теңіздің бетінде көкжиекті сызғанда. Жаратушы бұлттарды аспанда орнатқанда,Тереңнен қайнар көздерді нығайтқанда, Теңіз суының ауқымын шектегенде,Өз еркінен тыс тасытпай тежегендеӘрі дүниенің негізін белгілегенде, Кім аспанға көтерілген?Кім қайтадан жерге түскен?Кім желді уысында ұстай алар?Кім мұхитты шапанымен орап қояр?Кім жердің шегін орнатқан?Өзі мен Ұлының аты кім?Білсең соны айтып берші маған. Кім теңізді алақанымен сарқып өлшеген,Аспанды қарысымен қамтып белгілеген?Кім жердің топырағын себетке салған,Тау-төбелерді де таразыға тартқан? Кім Жаратқанның ақыл-ойын ұққан,Кеңесшісі болып бағыт берді Оған? Жаратқан Ие кіммен ақылдасқан,Кім түсінік беріп те еді Оған?Кім Жаратушыны білімге үйреткен,Оған даналық жолын да нұсқаған?
Выбор основного перевода