Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Үйіндегі жарық қараңғы болып, шам-шырағы да өшеді. Күшті аяғы қысқарып, құрған арам жоспары оның өзін құлатады. Халықтың арасында оның баласы да жоқ, үрім-бұтағы да жоқ. Бұрын қоныстанған елінде ешбір тұяғы қалмайды. Кім Оны барлық әлемнің үстінен тағайындаған? Бүкіл дүниенің үстінен билікті Оған кім берді? (Ешкім де!) Егер Ол өз рухын Өзіне қайтарып, тіршілік лебін қайтып алуды шешсе, онда бар адамзат бірден құрып, пенде атаулы топыраққа қайта айналар еді. Ақылыңыз болса, мынаны тыңдап, айтар сөздеріме құлақ түрсеңіз екен: Егер Құдай әділдікті жек көрсе, билік жүргізе алар ма еді?! Әділ де құдіретті Құдайды айыпты дей аласыз ба?! Сол сұрқия зұлымдардың қолдарын сындыршы,Сұмдық істерін тексеріп, із-түзсіз жоқ қылшы! «Пендем, Мен Мысыр патшасы перғауынның қолын сындырған едім. Ал оның қолын ешкім таңбапты, әрі қолын нығайтып, семсерді қайта ұстай алатындай қылып емдемепті. Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен Мысыр патшасы перғауынға қарсы шығамын. Оның екі қолын: сау қолын да, сынған қолын да сындырамын. Осылайша оның қолынан семсерін жерге түсіріп тастаймын. Ал егер ашкөз болсаң, бүкіл өміріңді қараңғылық басады. Сонымен, егер өміріңде нұр орнына қараңғылық болса, ол қандай қара түнек болмақ!
Выбор основного перевода