Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Жаратқан Ие, маған рақым таныта гөр,Жек көрген жаулардан қиналғанымды байқай гөр,Ажалдың аранынан мені арашалай гөр. Барлық тамақтан жиренетін болды,Ажалдың қақпаларына таяп қалды. Ей, патша, о дүние сенің келуіңді күтіп қозғалуда. Саған бола ол өлгендердің аруақтарын, жер бетінде мықты болған билеушілердің бәрін де орындарынан тұрғызады. Күллі халықтардың патшалары (сені құрметтегенсіп) тақтарынан көтерілуде. Былай дедім: Өмірімнің ортасындамын,Бірақ енді о дүниеге аттанамын,Сөйтіп соңғы жылдарымнан ада қаламын! Бұдан былай сенің атың Петір («Тас») болады. Осы іргетастың үстіне Мен Өзіме сенушілердің қауымын саламын. Оны өлімнің күштері де жеңе алмайтын болады.
Выбор основного перевода