Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң шақырып алшы, өзім жауап беремін. Немесе мен сөйлеймін, ал Сен айтқандарыма жауап қайтарсаң екен. Мен: «Зорлық!» деп айқайласам да, ешкім жауап бермейді. Жұртты көмекке шақырамын, бірақ әділдік бәрібір жоқ. Менің сөздерім жазылып қалдырылса ғой! Бір кітапқа жазылса ғой! Уа, Құдай, Саған жалбарына сиынсам да, маған жауап бермейсің. Алдыңда тұрсам да, мән бермей, маған қарап отыра бересің. Ал азап шегіп, жалбарынып жатқан бейшараға ешкім де қолын көтермейтін еді ғой! Жан дүнием күннің нұрын көрмей, қараңғыда жүр. Жамағаттың жиынында орнымнан тұрып, көмек сұрап қатты жалынамын. Тіпті сіз: «Оны көріп тұрған жоқпын» десеңіз де, бәрібір ісіңіз Құдайдың алдында жатыр. Енді Оны күте тұрыңыз!
Выбор основного перевода