Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жақыптың Лиядан туған қызы Дина бірде сол жердің қыздарымен кездесу үшін үйінен шықты. Оны сол өлкенің әміршісі хевтік Хамордың ұлы Сихем көріп қалып, алып кетіп, зорлап тастады. Ей, ойрандаушы жау, өзің әлі де ойрандалмадың, әйтсе де енді қасіретке қаласың! Ей, опасыздық жасаушы жау, өзіңе әлі де опасыздық жасалмады, әйтсе де енді қасіретке қаласың! Ойрандап болған кезіңде өзің де ойрандаласың. Опасыздық жасап болған кезіңде басқалар саған опасыздық жасамақ. Ал Мен сендерге былай деймін: кім бір әйелге құмарта қараса, оның өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны. (Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) Егер оң көзің (секілді өте құнды нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «ойып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын. Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді.
Выбор основного перевода