Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Мырзалар, құлдарыңыздың үйіне кіріп, жуынып-шайынып, қонып қонақ болыңыздар. Ертең ертемен тағы да жолға шығарсыздар, — деп үйіне шақырды. Хабаршылар оған:— Рақмет сізге, біз базар алаңында түнеп шықпақшымыз, — деп жауап берді. Лут қиыла өтініп қоймаған соң, екеуі оған еріп, үйіне келді. Тамақ дайындалып, ашытқысыз қамырдан нан пісіріліп, хабаршылар тамақтанды. Қария оған:— Ал, қош келдіңіз! Мұқтаждарыңыздың бәрімен қамтамасыз етемін. Тек осы алаңда түней көрмеңіз! — деп үйіне шақырды. Содан ол бұларды үйіне ертіп келді де, есектеріне жем салды. Ал ана үшеуі аяқтарын жуып, ішіп-жеп тамақтануға отырды. Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенімде сусын бердіңдер. Бейтаныс болып баспана іздегенімде Мені үйлеріңе қабылдадыңдар. Оның мұқтаждыққа душар болған адамдарына көмектесіп, ынтамен қонақжайлылық танытыңдар! Қонақжайлылық танытуды ұмытпаңдар. Солай еткен кейбіреулер білместен тіпті Тәңір Иенің періштелерін қонақ қылды.
Выбор основного перевода