Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Ей, халықтар, қанша ұран салсаңдар да, бәрібір шайқалып құрисыңдар. Жер бетінің алыс түкпірлері, тыңдаңдар! Шабуылға бел байлап қарулансаңдар да, бәрібір күйреп, құрисыңдар. Иә, айқасқа дайындала беріңдер, алайда қырыласыңдар. Кеңесіп жоспар құрып, көп сөз сөйлесеңдер де, бұларың іске аспайды, себебі Құдай бізге жар! Қолбасшылары: «Оған қарсы шайқасу үшін тәңірге бағышталып дайындалыңдар! Жиналып, түс кезінде жоғары аттанайық!» «Қап, күн батуға таяп қалыпты, кеш түсіп көлеңкелер ұзарыпты!» — Үлкен және кіші қалқандарыңды дайындап, шайқасқа шығыңдар! Аттарыңды ерттеп, тұлпарларыңа мініңдер! Дулыға киіп, сапқа тұрыңдар! Найзаларыңды үшкірлеп, сауыттарыңды киіңдер! «Елде жалау көтеріп белгі беріңдер! Халықтардың арасында керней тартып, оларды Бабылға қарсы соғысуға шақырып дайындаңдар! Арарат, Минни, Ашкеназ патшалықтарының жасақтарын да оған қарсы жинаңдар! Шабуылды бастайтын қолбасшы тағайындап, атты әскерді шегірткедей қаптатыңдар! Бабылға қарсы көптеген халықтарды: Мидияның патшаларын, оның әміршілері мен күллі әкімдерін және соларға тәуелді барлық халықтарды аттандырыңдар! Себебі Мен барлық халықтарды Иерусалимге қарсы соғысуға жинаймын. Қала олардың қолына түсіп, жау әскері ондағы үйлерді талан-таражға салып, әйелдерді зорлап масқаралайтын болады. Қала тұрғындарының жартысы жер аударылып әкетіліп, қалғандары қалада қалдырылады. Сонда Жаратқан Ие ежелгі замандарда шайқасқандай, осы халықтарға қарсы шайқасады.
Выбор основного перевода