Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Шаттаныңдар енді, уа, басқа ұлттар,Жаратқан Иенің халқымен қатар,(Бар періштелері де Оған тағзым етсін,)Себебі Ол өз қызметшілерініңҚанын төккенге жазасын тартқызадыЖәне өз халқы мен елін тазартады. Өзің таңдап алған ежелгі замандаХалқың екенімізді есіңде сақташы:Сенің босатқан ұлтыңбыз, меншігің айрықша.Сиондағы тұрағыңды да ұмытпашы: Себебі Жасаған Ие Сион шаһарының әйелдерін жан дүниелеріндегі ластан арылтады, әрі қан төккен Иерусалим қаласын әділдікпен соттап, қан дақтарынан отпен тазартады. Мен сендерге таза су бүркіп сепкендей, өздеріңді арамдаған бүкіл былғаныштарыңнан тазартамын. Сендерді барлық арамдықтарыңнан әрі табынып келген тәңірсымақтарыңның бәрінен арылтамын. «Сол кезде сендер Менің, өз Құдайларың Жаратқан Иенің, киелі тауым Сионда тұратынымды білетін боласыңдар. Иерусалим қаласы Өзіме бағышталып қасиетті болады. Енді оны ешбір жат жұрттық басып ала алмайды. Оның үкімдері шынайы да әділ. Ол азғындығымен жер бетін бүлдірген аты шулы опасыз әйелді соттап, үкімін шығарды. Құдай өз қызметшілерінің төгілген қанының құнын одан талап етті».
Выбор основного перевода