Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Жаратқан Ие барша халықтарға ашуланып, олардың күллі әскерлеріне қаһарланады. Соларды жойылуға арнап, қырылуға тастады. Содан өліктері далаға лақтырылып, қабірге қойылмай, шіріп, сасып жатады. Төгілген қандарынан тау-төбелердің топырағы ылғалданады. Аспандағы күн, ай және жұлдыздар еріп кетеді. Аспан шиыршық кітаптай шиырылады, әрі жұлдыздар жүзім бұтағынан не інжір ағашынан түскен құрғақ жапырақтай жерге құлап түспек. Осылай семсерім аспандағы күштерді қырып тастайды. Бұдан кейін ол Едомды, Өзім жойылуға арнаған халықты шабады, (— деп ескертеді Жаратқан Ие). Иә, Жаратқан Иенің семсері құрбандыққа шалынған қой-ешкілердің қанына малынып, солардың майына және қошқарлардың бүйрек майына малынып, тойған іспетті. Себебі Жаратқан Ие Едом жерінің Босора қаласында құрбандық шалғандай үлкен қантөгіс жасамақ. Сонда тіпті жабайы бұқадай мықты адамдар — жас жігіттер және күшті жетекшілер қырылмақ; жер қаннан қып-қызыл болып боялып, топырағы майға тойынады. Себебі Жаратқан Ие Өзінің зұлымдарға тиісті жазаларын тартқызатын күнін жоспарлады. Ол Едомға оның Сион халқына көрсеткен зорлық-зомбылығын қайтаратын уақытын белгіледі. Жаратқан Иенің күні таяп қалды. Бұл қандай қасіретті күн болмақ! Сол күні құдіреті шексіз Құдай елді талқандамақ. Сионда керней тартыңдар, киелі тауымда дабыл қағыңдар! Бүкіл елдің халқы қорқып қалтырасын, өйткені Жаратқан Иенің күні келеді, міне, ол таяп та қалды! Олардың алдында жер сілкініп, аспан шайқалады, күн мен ай қараңғыланып, жұлдыздар да сөніп қалады. Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты (соты) күні келердің алдында күн — қара түнек, ай — қан қызыл болады. Халықты жинаңдар, әрқайсысы тазару рәсімінен өтіп келсін! Бұған ақсақалдар мен балаларды да, тіпті емшектегі нәрестелерді де жинап әкеліңдер! Күйеу мен келін де отауларынан шығып, жиналысқа келсін! Ал жарлылар Өзіңнен баспана табады,Апатта мұқтаждар қасыңда қорғанады,Оларға қорғаныш боласың дауылданӘрі ыңғайлы көлеңке боп ыстықтан.Жауыздардың кәрлі лебі қабырғаныСоққылаған боран Мені үрейлендіре көрме! Басыма күн туғанда Сені паналаймын. Сонымен оларға қарсы мына пайғамбарлық сөздердің бәрін де айт: Жаратқан Ие заңғар биіктен ақырып, Өзінің киелі тұрағынан даусын естіртеді. Ол осы шұрайлы елге Өзінің бар даусымен күркіреп, бүкіл жер бетінің тұрғындарына жүзімді таптап шырынын ағызатын жұмысшылар айқайлағандай қатты айқай салады. Жаратқан Ие сол әскерінің алдында дауысын шығарады. Оның жинаған қолы қандай орасан зор! Оның әмірін орындайтындар өте көп. Шын мәнінде Жаратқан Иенің соты күні ұлы да қатты қорқынышты! Оған кім шыдай алады? Амос пайғамбар былай деді:«Жаратқан Ие Сион тауынан ақырады,Ол Иерусалимнен дауысын шығарады.Сонда малшылардың жайылымдары солады,Қармил тауының төбесі де кеуіп қалады!» Әлемнің Иесі мынаны да айтады: «Біраздан кейін Мен тағы да аспан мен жерді, теңіз бен құрлықты шайқалтамын!
Выбор основного перевода