Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Төртінші күні халық Бераха аңғарында жиналды. Сол жерде олар Жаратқан Иені мадақтап, ризашылықтарын білдірді. Сондықтан осы аңғар күні бүгінге дейін Бераха (яки Мадақ, Береке) деп аталып келеді. Иә, Жаратқан Ие адамзатқа шығарған үкімін отпен және семсерімен іске асырады. Ол сонда көбінің көзін құртады. Осы айқай-шу жердің шет-шеттеріне дейін жететін болады. Өйткені Жаратқан Ие ұлттарды айыптап, барлық халықтарға үкімін шығарып, ішіндегі зұлымдарын семсерімен құртатын болады, — дейді Жаратқан Ие. Осылай отарым күллі тау-төбелер мен биік қырларда бытырап босып кетті. Иә, Өзімнің отарым бүкіл жер бетіне шашырап кетті! Ал оларды іздеп табуға тырысқан ешкім болған жоқ. Сен: «Осы екі ел — Яһуда мен Исраилдің халықтары да, жерлері де менікі болады. Оларды иемденіп аламын!» деген болатынсың. Ал Мен, Жаратқан Ие, сол жерде болдым ғой! «Ал енді, пендем, Исраилдің тауларына хабарымды жеткізіп былай де: Уа, Исраилдегі таулар, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жау сендер туралы: «Әп, бәлем, өздеріңе сол керек! Сол ежелгі қырат-қырқалар да иелігімізге көшті!» деп табалаған еді. Сондықтан былай деп Менің хабарымды жеткіз:Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Олар сендерді қаңыратып бос қалдырып, жан-жақтан бас салып жаншып тастаған еді. Сендер өзге халықтардың меншігіне айналып, олардың мазағы мен зұлым өсегіне қалдыңдар. Сол себептен тыңдаңдар, уа, Исраилдің таулары! Жаратушы Тәңір Иенің мына сөзіне құлақ түріңдер: Жаратушы Тәңір Ие айналадағы басқа халықтарға олжа болып, олардың мазағына айналған Исраилдің тау-төбелеріне, сай-салалары мен аңғарларына, қаңыраған далалары мен елсіз қалған қалаларына сөзін арнайды. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Бүкіл Едом халқы мен қалған басқа ұлттар Менің меншікті жерімді қатты қуанып, қорлап тартып алып, талан-таражға салды. Сондықтан Мен лаулаған ашуыммен оларға қарсы сөйледім. Сондықтан Менің орнымнан тұрып, осы халықты айыптайтын күнімді күтіңдер! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Мен халықтар мен патшалықтарды жинап, оларға ашу-ызамды төгіп, лаулаған қаһарымды лап еткізуді шештім. Сол кезде бүкіл дүние Менің қаһарымның отына шалынып, жанып кетеді».
Выбор основного перевода