Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Бірақ Яһуда елінің патшасы Жоғас өзінің ата-бабалары — Яһуданың бұрынғы патшалары Жосапат, Жорам және Охозияхтың Жаратқан Иеге бағыштаған барлық құнды сый-тартуларын, өзінің де Оған бағыштаған тартуларын жинап алды. Оларды Жаратқан Иенің киелі үйінің және патша сарайының қазыналарындағы барлық алтындарымен бірге Хазаил патшаға беріп жіберді. Сонда Хазаил Иерусалимге шабуыл жасаудан бас тартып, кері қайтты. Ұландардың әміршісі шоқ салынатын табаларды, (су не қан бүркуге арналған шағын) тостағандарды және саф алтын не күмістен жасалған барлық басқа бұйымдарды да олжалап әкетті. Мұнан кейін Жаратқан Ие Жорамға қарсы філістірлердің және құштықтармен шекараласқан арабтардың ашу-ызасын туғызды. Олар Яһудаға шабуыл жасап, елге басып кірді де, патшаның сарайынан тапқан қымбат дүние-мүліктің бәрін де, оның балалары мен әйелдерін де алып кетті. Тек Жорамның Охозиях есімді кенже ұлы ғана өзінде қалды.
Выбор основного перевода