Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Бірінші тоқтыға қоса үш қадақ сығып алынған таза зәйтүн майымен араластырылған таңдаулы бидай ұнынан бір пұттың оннан бір бөлігін алып, өртеп жібер. Сұйық тарту ретінде үш қадақ шарапты соның үстіне құйып ұсын. Екінші тоқтыны ымырт жабыла құрбандыққа шал. Оған қоса таңертеңгідей астық және сұйық тартуларын да ұсын. Олар Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған, хош иісті де ұнамды сый-тартулар болмақ. Егер біреу Жаратқан Иеге астық тартуын ұсынса, онысын таңдаулы бидай ұнынан жасап, соған зәйтүн майын құйып, үстіне хош иісті шайырды қойсын. Қасиетті аудан киелі үйде Жаратқан Иенің алдында қызмет ететін діни қызметкерлерге арналсын. Олардың тұратын үйлері және киелі үйдің өзі осы жерде орналассын. Уа, діни қызметкерлер, азалы киім киіп жылаңдар! Құрбандық үстелінің алдында қызмет етуші сендер, зарлаңдар! Азалы киімдеріңді түнде де шешпей ұйықтаңдар, уа, Құдайымның қызметкерлері! Өйткені сендердің Құдайыңның үйінде енді астық әрі сұйық тартулары ұсынылмайтын болды! Кім біледі, мүмкін, Ол ашуы басылып, сендерді мүсіркейтін шығар? Сонда Құдайларың Жаратқан Ие сендердің Өзіне арнап астық әрі сұйық тартулар ұсынуларыңа жететіндей мол жарылқауын жаудырар. Жаратқан Иеге ғибадат етуші діни қызметкерлер киелі үйдің кіреберісі мен құрбандық үстелінің арасындағы жерде қайғырып жылап, былай деп жалынсын:— Уа, Жаратқан Ие, өз халқыңды аяй гөр, меншікті халқыңның масқаралануына жол бере көрме! Басқа халықтардың «Олардың сиынған Құдайы қайда екен?» деген мазағына қалдырмашы!
Выбор основного перевода