Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Уа, діни қызметкерлер, азалы киім киіп жылаңдар! Құрбандық үстелінің алдында қызмет етуші сендер, зарлаңдар! Азалы киімдеріңді түнде де шешпей ұйықтаңдар, уа, Құдайымның қызметкерлері! Өйткені сендердің Құдайыңның үйінде енді астық әрі сұйық тартулары ұсынылмайтын болды! Көңілді мейрамдарыңды қайғыру уақытымен, әрі қуанышты әндеріңді жоқтаумен алмастырамын. Сендерге азалы киім киіндіріп, қайғыдан шаштарыңды тақырлап алып тастатамын. Бұл жалғыз ұлдың өліміне жоқтау айтқанға ұқсайды. Иә, оның ақыры өте ащы болады!»
Выбор основного перевода