Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Жосапат қатты қауіптеніп Жаратқан Иеге бет бұрып, Оның еркін сұрап сиынды. Патша, сондай-ақ, бүкіл Яһуда елінде ораза тұту керек деген жарлық та шығарды. Сонда Яһуда халқы Жаратқан Иеден көмек сұрау үшін елдің күллі қалаларынан ағылып келіп, Иерусалимге жиналды. Тыңдаңдар мынаны, уа, ақсақалдар, құлақ салыңдар, уа, елдің күллі тұрғындары! Өз бастарыңнан өткен күндерде не ата-бабаларыңның заманында мұндай нәрсе болып па еді? Сионда керней тартыңдар! Ораза ұстайтын уақытты белгілеп, салтанатты жиналыс жариялаңдар! Халықты жинаңдар, әрқайсысы тазару рәсімінен өтіп келсін! Бұған ақсақалдар мен балаларды да, тіпті емшектегі нәрестелерді де жинап әкеліңдер! Күйеу мен келін де отауларынан шығып, жиналысқа келсін! Адам және жануар атаулы азалы киім мен жабу жамылсын! Әркім Құдайға қатты жалбарынып сиынсын! Бәрі де зұлым жолдарынан қайтып, қатыгез іс-әрекеттерінен бас тартсын!
Выбор основного перевода