Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Енді Ахаб Абадияхқа бұйрық беріп былай деді: «Бүкіл елді аралап, ондағы барлық бұлақтар мен сай-салаларды қарап шық! Мүмкін, біраз жайылым тауып, жылқыларымыз бен қашырларымызды аман сақтап қалып, ешбір көлік малымызды өлтіруге мәжбүр болмаспыз!» — Бұл ел қашанға дейін мұңайып, даладағы шөп қашанға дейін солып қалмақ? Ел тұрғындарының жасаған зұлым істеріне бола (Сен жаңбыр жауғызбай) мал мен құс атаулы құрып кетті. Ал сол адамдар: «Істеріміздің соңын Жаратқан Ие көрмейді!» дейді. Тіпті елік жаңа туған төлін шөптің жоқтығынан далаға тастап кетеді. Жабайы есектер тақыр төбелерде тұрып, шибөрідей алқына тыныстайды. Шөптің жоқтығынан олардың көздері қарауытып жөндеп көрмейді. Сол себепті бүкіл елді қайғы басып, барлық тұрғындары әлсіреп қалды. Тіпті даладағы аң, құс, балық атаулы да қырылып жатыр».
Выбор основного перевода