Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Сол күн — қараңғылық пен қара түнектің, бұлттар мен қою тұманның күні! Таң ата жарықтың тау бастарына біртіндеп жайылатынындай, бір үлкен де қуатты әскер елді қаптап келе жатыр. Ол сияқты ежелде ештеңе болмаған, келер замандарда да болмайды. Бұл жаулардың түрі аттардың түріндей, ал алға ұмтылулары — атты әскердің шабысындай. Олардың даусы тау бастарында гүрілдеген соғыс күймелеріндей, сабанды сатырлатып жалмайтын оттай, әрі шайқасқа дайындалып сап құрған қуатты әскердей естіледі. Жаратқан Ие сол әскерінің алдында дауысын шығарады. Оның жинаған қолы қандай орасан зор! Оның әмірін орындайтындар өте көп. Шын мәнінде Жаратқан Иенің соты күні ұлы да қатты қорқынышты! Оған кім шыдай алады? Сол жылдары шегіртке, құрт, қоңыз және шегіртке құрттарының, яғни Өзім араларыңа жіберген ғаламат «әскерімнің», жегендерінің орнын сендер үшін толтырамын. Олардың шаштары әйелдердің шаштарындай, тістері арыстанның тістеріндей,
Выбор основного перевода