Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Ахаб патша (Жаратқан Иенің пайғамбар арқылы жеткізген) осы сөздерін естігенде, көйлегінің өңірін айыра жыртып, жалаңаш тәніне азалы киім киіп, тамақ татпады. Ол тіпті азалы киімімен ұйықтап, қатты қайғырып жүрді. Сондықтан азалы киім киіп, еңіреп жыла! Өйткені Жаратқан Иенің лаулаған қаһары бізден бетін аударып әкеткен жоқ. Атастырылған күйеуін жоқтап, азалы киім киіп тұрған қыздай зарлап жылаңдар! Жаратқан Иенің киелі үйінде жұрт астық әрі сұйық тартуларын ұсынбайтын болды. Соған Жаратқан Иеге ғибадат етуші діни қызметкерлер қайғыруда. Жаратқан Иеге ғибадат етуші діни қызметкерлер киелі үйдің кіреберісі мен құрбандық үстелінің арасындағы жерде қайғырып жылап, былай деп жалынсын:— Уа, Жаратқан Ие, өз халқыңды аяй гөр, меншікті халқыңның масқаралануына жол бере көрме! Басқа халықтардың «Олардың сиынған Құдайы қайда екен?» деген мазағына қалдырмашы! (Миха былай деді:) «Сол себепті мен Самарияны жоқтап жылаймын, жалаң аяқ та жалаңаш жүретін боламын. Шибөрідей ұлып, жапалақтай қайғылы дыбыс шығарамын.
Выбор основного перевода