Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Құдайға арнап өртелетін құрбандықтарың мен сый-тартуларыңды, өнімнің он бөлігінің бірін әрі арнайы, не беруге серт еткен, не өз еріктеріңмен ұсынған сый-тартуларыңды, сондай-ақ малдарыңның тұңғыш төлдерін де сол жерге алып барыңдар! Құрбандық асын отбасыларыңмен бірге сол жерде Құдай Иеміздің алдында ішіп-жеңдер. Осылайша қол тигізген барлық істеріңнің Құдайларың Жаратқан Иенің жарылқауымен жемісті болғанын тойлап шаттаныңдар. Құдай Иенің алдында, Оның өз есіміне арналған жер бетіндегі тұрағы ретінде таңдап алған орнында, сендер ұл-қыздарыңмен, қызметшілеріңмен, қалаларыңда тұрып жатқан леуіліктермен, араларыңдағы жат жұрттықтармен және жетім-жесірлермен бірге қуана мейрамдаңдар. Жан дүнием, неге сен мұңаясың,Бойымда алаңдап неге мазасызсың?Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе!Өйткені Құтқарушымды — өзімніңҚұдайымды мадақтаймын әлі де. Сондықтан біліп алыңдар, енді Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие Иерусалим мен Яһуда елін барлық сүйеніштерінен ада етеді: олардың ас-су қорларын жоқ қылып,
Выбор основного перевода