Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы киімдерді ағаң Һаронға және оның ұлдарына кигізіп, оларға май жағу рәсімін орында. Діни қызметкерлерім болу үшін оларды Маған бағыштап, тағайында. Һаронға және оның ұлдарына Мен өзіңе бұйырған осы рәсімдердің бәрін орында: жеті күн бойы олардың қолдарын тағайындалуларына байланысты Тәңір Иеге ұсынылған құрбандықтар мен сый-тартуларға толтыр. Әр күн сайын күнәнің құнын өтеу үшін бір жас бұқадан құрбандыққа шал. Құрбандық үстелін күнәнің арамдығынан тазарту үшін оның үстінде күнәнің құнын өтеуге шалынған құрбандықтарды өртеп жіберіп, үстелге арнайы май жағып, оны Тәңір Иеге бағышта. Жеті күн бойы құрбандық үстелін осылайша күнәнің арамдығынан тазартып, оны Тәңір Иеге арна. Сонда құрбандық үстелі Тәңір Иеге түгелдей бағышталып, ерекше киелі болады. Үстелдің үстіне қойылған не оған жанасқандардың бәрі де Тәңір Иеге бағышталып, Оның меншігіне айналады. Сендердің қызметке тағайындалғандарыңнан кейін жеті күн өтпейінше, кездесу шатырының кіреберісінен шығуларыңа болмайды. Себебі Жаратқан Иенің сендерді Өзінің қызметіне тағайындау рәсімі жеті күнге созылады.
Выбор основного перевода