Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Мен сені істеген барлық істеріңнің арамдығынан тазартып, кешіремін. Мұны есіңнен шығармай, ұялып, масқара болғандықтан енді қайтып (мақтанып, басқаларды айыптауға) аузыңды ашпайтын боласың!» — Жаратушы Тәңір Ие осыларды нық айтады. Осы хабаршы маған тіл қатып: «Ей, пенде, ұқыпты қара да тыңда. Өзіңе көрсететіндерімнің бәріне мұқият назар сал! Сен сол үшін де осында әкеліндің. Көргеніңнің бәрін Исраил халқына жеткіз!» — деді. Егер халық барлық істегендеріне ұялып өкінсе, оларға ғибадатхананың бүкіл жобасын: оның құрылысын, шығатын есіктері мен кіреберістерін әрі оның ережелері мен заңдарын айтып бер. Олар ғибадатхананың жобасы мен оны салудың ережелерін түгел сақтай алулары үшін соның бәрін егжей-тегжейлі сипаттап жазып қой.
Выбор основного перевода