Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Үстіңгі саты да тік төрт бұрышты, ені мен ұзындығы он төрт шынтақтан. Сатының ені жарты шынтақ болатын ернеуі бар. Соның жан-жағын айнала тереңдігі бір шынтақ науасы бар. Құрбандық үстеліне шығатын баспалдақ оның шығыс жағында орналасқан. Жас бұқаны құрбандыққа шалған соң, оның біраз қанын алып, құрбандық үстелінің төрт мүйізіне, жоғарғы сатының төрт бұрышына және оның қасындағы бүкіл ернеуіне жағу керек. Осылайша құрбандық үстеліне күнәнің арамдығынан тазарту рәсімі жасалады. Діни қызметкер күнәнің құнын өтейтін құрбандықтың қанынан алып, оны киелі үйдің есіктерінің жақтауларына, құрбандық үстелінің үстіңгі сатысының төрт бұрышына және ішкі аулаға апаратын қақпа ғимараттарының жақтауларына жақсын.
Выбор основного перевода