Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шалынған құрбандықтарды түгелдей өртейтін үстелді аққарағаннан жасат. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бес, биіктігі үш шынтақтан болсын. Сонымен құрбандық үстелін қоламен қапталған тақтайлардан, оның ішін қуыс етіп жасат. Ол өзіңе осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасалуға тиіс. Содан кейін қарасам, ғибадатхана тұрған жерді айнала қабырға салынған екен. Әлгі хабаршының қолындағы өлшеуіш таяғының ұзындығы алты шынтақ болды. Ол қолданып жүрген ұзындау шынтақ — бір қалыпты шынтақ және қосымша бір тұтам болатын ұзындық өлшемі. Хабаршы қабырғаның қалыңдығы мен биіктігін де өлшеді: екеуі де бір-бір өлшеуіш таяқтан болып шықты. Содан соң хабаршы ішкі ауланы өлшеді. Ол тік төртбұрышты екен: ұзындығы мен ені жүз шынтақтан. Құрбандық өртелетін үстел киелі үйдің дәл алдында орналасыпты. Мен киелі үйдің айналасындағы қосалқы бөлмелердің бір негіздің үстінде тұрғанын көрдім. Негіз бір саты көтеріңкі тегіс жатты. Оның биіктігі бір өлшеуіш таяқ, демек алты шынтақ, болды.
Выбор основного перевода