Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Мұса күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа бір жас бұқаны әкелдірді. Һарон мен оның ұлдары соның басына қолдарын қойды. Содан кейін ол Қорах пен оның барлық жақтастарына тіл қатып былай деді:— Ертең Жаратқан Ие кімнің Өзіне бағышталған киелі екенін көрсетеді. Жаратқан Ие таңдап алғандарына Өзіне жақындауға жол береді. Бұның барлығы Жаратқан Иенің Мұса арқылы айтқан нұсқауы бойынша істелді. Һаронның ұрпақтарынан басқа ешкімге Жаратқан Иенің алдына барып, хош иісті зат түтетіп ұсынуға болмайтынын, әйтпесе соның Қорах пен оның сыбайластарының кейпін киетіні туралы исраилдіктерге берілген ескертпе осындай болды. Осылай Сүлеймен Абиятарды Жаратқан Иеге бағышталған діни қызметтен шеттетіп, Жаратқан Иенің Шилодағы Елидің әулетінің үстінен шығарған үкімін жүзеге асырды. Патша Жоғабтың орнына Еходай ұлы Бенаяхты әскердің қолбасшысы, ал Абиятардың орнына Садықты бас діни қызметкер етіп тағайындады. Ал солтүстікке қараған бөлме құрбандық үстеліне байланысты міндеттерді атқаратын діни қызметкерлерге арналған. Осы діни қызметкерлер — Садықтың ұрпақтары. Себебі Жаратқан Иеге қызмет ету үшін Оның алдына жақындап келу тек Садықтан тараған леуіліктерге ғана рұқсат етілген». Тек Садықтан тараған леуіліктер ғана діни қызметкер бола алады. Өзге исраилдіктер Менен безіп кеткен кездері олар Менің киелі үйімді қорғап, міндеттерін адал атқарып жүрді. Сондықтан Садықтың ұрпақтары Менің алдыма келіп, діни қызмет атқара берсін. Олар алдымда тұрып, құрбандық малдардың іш майы мен қанын ұсынсын! — деп бұйырады Жаратушы Тәңір Ие. — Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Әр жылдың бірінші айының бірінші күні еш мінсіз бір жас бұқаны құрбандыққа шалып, киелі үйге тазарту рәсімін жасаңдар. Діни қызметкер күнәнің құнын өтейтін құрбандықтың қанынан алып, оны киелі үйдің есіктерінің жақтауларына, құрбандық үстелінің үстіңгі сатысының төрт бұрышына және ішкі аулаға апаратын қақпа ғимараттарының жақтауларына жақсын.
Выбор основного перевода