Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жас бұқаны құрбандыққа шалған соң, оның біраз қанын алып, құрбандық үстелінің төрт мүйізіне, жоғарғы сатының төрт бұрышына және оның қасындағы бүкіл ернеуіне жағу керек. Осылайша құрбандық үстеліне күнәнің арамдығынан тазарту рәсімі жасалады. Жеті күн бойы күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа шалу үшін күн сайын бір текеден әкелінсін. Сол сияқты, бір жас бұқадан және отардан алынған бір қошқардан да берілсін. Құрбандық малдардың қай-қайсысының да міні болмасын. Сөйтіп жеті күн бойы құрбандық үстелін тазартып, оған күнәнің арамдығынан тазарту рәсімін жасау керек. Құрбандық үстелі осылайша Жаратқан Иеге бағышталып, қасиетті болады.
Выбор основного перевода