Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар көкжиектің ар жағындағы алыс елдерден келді. Бұл жасақшылар — Жаратқан Иенің қаһарын іске асырып, бүкіл елді құртатын құралдары. Енді Мен саған аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Қайта, істеген зұлым да жексұрын іс-әрекеттеріңнің сазайын тартқызамын. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар». Саған жуырда қаһарымды төкпекпін, барша ашу-ызамды жаудырмақпын. Сені қылықтарыңа сай соттап, жексұрын күнәларыңа сәйкес жазаламақпын. Сондықтан Мен оларға аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Істеген істеріне лайықты жазаны олардың бастарына түсіремін! Алайда жүректері өздерінің жалған тәңірлердің жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелеріне құмартқандар болса, олардың бастарына өз істегендеріне сай жазаларын түсіремін! — Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Бірақ содан бұрын Мен істеген істеріңнің жазасын міндетті түрде басыңа шүйілтемін! Себебі сен өз балалық шағыңды есіңнен шығарып, осы нәрселерді істеуіңмен Менің қаһарымды қоздырдың, — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. — Өзіңнің басқа да жексұрын істеріңнің үстіне ұятсыз азғындығыңды да қосып келесің ғой!
Выбор основного перевода