Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жат жұрттық келімсектерге қысым көрсетіп, зорлық-зомбылық жасамаңдар! Өздерің де Мысырда жат жұрттық болып тұрдыңдар ғой. Жат жұрттық адамға зорлық-зомбылық жасамаңдар! Жат жұрттық көңіл күйін жақсы ұғасыңдар, өйткені өздерің Мысыр елінде жат жұрттық болып тұрдыңдар емес пе?! Бұдан былай адамдар бір-бірін қанап, әркім өз жақын-жарандарына қысымшылық жасайды. Жастар паңданып үлкендерге қарсы шығады, қадірсіздер менменсіп беделділерді сыйламайды. Әлемнің Иесінің бұл жүзім бағы —Исраилден шыққан үрім-бұтағы,Оның сүйсіне еккен бау-бақшасы —Яһуда елінің адамдары.Құдай бұлардан әділдік күтті,Ал, міне, олар жазықсыз қан төкті!Жаратқан Ие олардан адалдық тосты,Ал, міне, жапа шеккендердің айқайыҚұдайдың құлағына жетіп жатты! «Бұлар тілдерін садақтай иіп, өтірікті жебедей боратады. Өтіріктің арқасында олар елге өктемдік жасап, зұлым іс-әрекеттерін жалғастыруда. Ал Мені тіпті танып мойындамайды да, — дейді Жаратқан Ие. — Тұрғындарың ата-ананы менсінбей, сыйлаған жоқ. Олар өзіңдегі жат жерліктерді қанап, жол жүріп келе жатқан жолаушыны тонайды, жетім-жесірлерге зорлық жасайды. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Олар дұрыс істеуді білмейді де, өз сарайларында зұлымдықпен, зорлықпен иемденіп алған байлық жинайды.
Выбор основного перевода