Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тасадағы арыстандай тосады тығылып,Бейшара жарлыны ұстауға жатады аңдып,Байғұсқа бас салып, түсіреді торына тартып. Басшыларың — Құдайға қарсы шыққан бүлікшілер, ұры-қарақшылардың сыбайластары! Бәрі де пара алғанды ұнатып, сый-сияпат дәметушілер. Олар жетімдердің мүдделерін қорғамайды, жесірлердің өтініштеріне құлақ та салмайды. Содан соң Жаратқан Ие маған тағы былай деді:— Яһуда мен Иерусалимнің халқының арасында Маған қарсы сыбайласып жатқандар бар! Олар Менің сөзіме мойынсұнудан бас тартқан ата-бабаларының зұлым істеріне қайта оралып, бөгде тәңірлердің жолына түсіп, соларға құлшылық етеді. Өздерінің ата-бабаларымен жасаған Келісімімді Исраилдің де, Яһуданың да халқы бұзды! Жолаушы адамды аңдып жататын қарақшылар сияқты, діни қызметкерлер бір тобыр болып Сихемге баратын жолда кісі өлтіріп, жексұрын қиянат жасады. Елдің басшылары пара алып үкім шығарады, оның діни қызметкерлері тәлім бергенде ақша талап етеді және пайғамбарлары айтқан хабарлары үшін ақы сұрайды. Бірақ сонда да олар: «Жаратқан Ие біздің арамызда ғой, басымызға ешбір пәле түспейді!» — деп Жаратқан Иеге арқа сүйейді екен! Оның әміршілері ақырған арыстандай, төрешілері аш қасқырдай. Олар кешке жортуылға шығып, таң атқанша жемтігінің ештеңесін де қалдырмайды. (Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Жесір әйелдердің үй-жайын ішіп-жеп тауысып, әдейі көзге түсу үшін ұзақ мінажат етіп жүрсіңдер. Сол үшін де бәрінен бетер қатаң жазаланатын боласыңдар-ау!)
Выбор основного перевода