Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай Манаса Яһуда халқын Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге еліктіріп күнәға батқан еді. Бұған қоса Манасаның жазықсыздан-жазықсыз төккен қанының көп болғаны сонша, Иерусалим бұ шетінен о шетіне дейін қанға толғандай болды. «Пендем, Иерусалимнің жексұрын іс-әрекеттерін әшкерелеп «Пендем, сен оларды айыптамақсың ба? Оларды сотқа дайындамақсың ба? Онда ата-бабаларының жасаған күнәларының қандай жексұрын болғанына ақсақалдардың көздерін жеткіз! Өйткені Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қан төгуші Иерусалим қаласы қасіретке қалады! Ол тот басып, тазартылмаған қазанға ұқсайды. Содан жеребе салмай-ақ, еттің кесектерін біртіндеп түсіріп алып, қазанды бос қалдыр! Себебі қала тұрғындарының төккен қаны әлі де өз ортасында. Олар оны кейін бетін топырақпен жабуға болатындай етіп жерге емес, жалаң жартастың үстіне төкті. Қаһарымды қоздырып, тиісті жазасын тартқызуым үшін Мен қаланың төккен қанын жалаң жартастың үстінде қалдырдым. Енді ол жабылмайды да. — Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: — Қан төгуші бұл қала қасіретке қалады! Мен Өзім оның астына отынды көп қылып үйемін. Қан төгуге, өтірікке толы, ұрлық пен тонау толастамайтын қала — Ниневи қасіретке қалады!
Выбор основного перевода