Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал сен үшін, уа, Исраилдің бұзылған, зұлым билеушісі, енді күнің туды, жазаланатын кезің жетті!» Көріп тұрсың ба, сендегі Исраилдің билеушілерінің әрқайсысы өз шамасы жеткенше адам қанын төгуге бейім болды. Сенің басшыларың олжасын жарып жейтін қасқырларға ұқсайды. Олар арам пайда табу үшін қан төгіп, кісі де өлтіреді. Екеуі неке адалдығын бұзды, кісі өлтіріп қолдары да қан. Олар өз жалған тәңірлерімен опасыздық жасап, тіпті өздерінің Маған туып берген ұлдарын соларға «тамақ» болсын деп отқа өртеп құрбан етті! Бірақ әділ адамдар солардың екеуіне де неке адалдығын бұзған және кісі өлтіріп қан төккен әйелдерге тиісті жазаны кеседі. Себебі олар неке адалдығын бұзған әрі қолдары қанға малынған.
Выбор основного перевода