Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер ненің киелі, ненің киелі емес жай екенін және ненің таза да адал, ненің арам екенін ажырата білулерің керек. Сол күндері үйлеріңнен жүк алып шығушы не басқа да жұмыс істеуші болмаңдар! Мен ата-бабаларыңа өсиет еткендей, демалыс күнін Маған, Жаратқан Иеге, бағыштап, қасиет тұтыңдар! Оның үстіне Мен, Жаратқан Ие, Өзіме бағыштағанымның сыртқы белгісі ретінде оларға демалыс күнімді сыйладым. Бірақ Исраил халқы иен далада Маған қарсы бас көтерді. Олар ережелеріме мойынсұнған жоқ, керісінше, шешімдерімді менсінбеді. Ережелерім мен шешімдерімді орындаушы адам солар арқылы өмір сүретін болса да, Исраил халқы осылай етті. Бұған қоса олар тағы Менің өздеріне тапсырған демалыс күніме қатысты ережелерімді де бұзып, оның қасиеттілігін қастерлемеді. Сондықтан Мен қаһарымды төгіп, оларды иен далада жойып жібермек болдым. Қаланың пайғамбарлары менмен де сатқын жандар. Діни қызметкерлері киелі орынды арамдап, Таурат заңын бұзып аяққа басады. «Әлемнің Иесі мынаны айтады: Діни қызметкерлерге Таурат заңы туралы мына сұрақты қой: Егер біреу құрбандықтың Құдайға бағышталған киелі етін бір нәрсеге орап алып бара жатқанда, онысы нанға, піскен етке, сусынға, зәйтүн майына немесе басқа бір тағамға тиіп кетсе, сол тағам Құдайға бағышталған киелі болып қала бере ме?» — Діни қызметкерлер:— Жоқ, киелі болмайды, — деп жауап берді. Хаққай сөзін сабақтап:— Ал егер өлікпен жанасып арамданған біреу осындай заттарға жанасып кетсе ше, олар да арамданып қала ма? — деп сұрады. Діни қызметкерлер:— Иә, арамданады, — деп жауап берді. Сонда Хаққай былай деді: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Осы халықтың адамдары да (Маған толығымен бағынбағандықтарына бола) Менің көз алдымда арамданған. Сол себепті олардың істеп жүрген істері мен шалып жүрген құрбандықтарының бәрі де арамданған. Бірақ сендер осы жолдан тайып кеттіңдер. Берген тәлімдеріңмен көптеген адамды адастырдыңдар. Сендер Леуімен жасасқан Келісімімді бұздыңдар! — Әлемнің Иесі осыны әшкерелейді. —
Выбор основного перевода