Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Құдайларың Жаратқан Ие жалмап қоятын от іспетті! Ол — басқа еш нәрсеге табынуларыңа төзбей, Өзіне адал болуларыңды талап ететін Құдай! Біліп қойыңдар, атағы жайылған Жаратқан Ие алыстан лаулаған қаһарымен, көтеріліп жатқан қалың түтінмен келіп жетеді. Оның аузынан шыққан сөздері қаһарлы. Оның тілінен бәрін жалмайтын от лаулап шығады. Алайда олар Маған қарсы бас көтеріп, тыңдамай қойды. Олар көз қарашығындай сүйіп табынатын жексұрын мүсіндерін лақтырып тастаған жоқ, әрі Мысырдың жалған тәңірлерінен де бас тартпай қойды. Сондықтан Мен бастарына қаһарымды төгіп, оларды Мысыр елінде бар ашу-ызаммен жазаламақ болдым. Қайта, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие Өзінің атымен ант етіп былай дейді: «Мен сендерге құдіретті де алға созылған қолыммен және зор қаһарыммен билігімді жүргіземін: Жаратқан Иенің ашуына кім шыдай алар екен? Оның лаулаған қаһарына кім төтеп бере алады? Оның ашу-ызасы от сияқты төгіліп, жартастар да Оның алдында талқандалып үгітіледі. Мен осы үштен бір бөлікті отқа салып, күмісті балқытып тазалағандай тазартамын, әрі алтынды отта сынағандай сынаймын. Олар Менің атымды атап Маған дұға етеді. Сонда оларға жауап беремін. Мен: «Бұл — Менің халқым», — деп, олар: «Жаратқан Ие — біздің Құдайымыз», — дейтін болады. Сонда Ол күмісті балқытып, қоқысынан айырып тазартатын зергер іспетті леуіліктерді алтын-күмістей тазартып, зұлымдық атаулыдан арылтады. Содан кейін олар қайтадан Жаратқан Иеге арнап таза сый-тартулар ұсына алады. — Сот күні еш шүбәсіз келе жатыр! Ол лаулап жанған пешке ұқсамақ. Сол кезде барлық өркөкіректер мен зұлымдық жасаушылар сабан іспетті болады. Осы келе жатқан күн оларды өртеп жібереді! — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Олардың бірде-бір тамырын да, бұтағын да қалдырмайды!
Выбор основного перевода