Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендерді қаладан қуып шығып, шетелдік басқыншылардың қолдарына тапсырамын. Осылай өздеріңе ауыр жаза тартқызамын. Осы бас көтергіш халыққа мына астарлы сөзді айтып бер: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қазанды көтер, суыңды құйып, етіңді ас! Өйткені Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қан төгуші Иерусалим қаласы қасіретке қалады! Ол тот басып, тазартылмаған қазанға ұқсайды. Содан жеребе салмай-ақ, еттің кесектерін біртіндеп түсіріп алып, қазанды бос қалдыр! Иә, отынды мол салып, отты тұтат! Етке дәмдеуіш қосып жақсылап пісіріп қоюландыр, кейін сүйектерін өртеп көмірге айналдыр! Бұдан кейін бос қазанды қайтадан шоқтың үстіне қой да, қоласын қатты қыздыр. Сонда оның ішіндегі лас нәрсесі балқып, тотығы күйіп кетсін. Сендер халқымның етін жалмап, терісін сыпырып, сүйектерін майдалап сындырасыңдар, оларды қазанға салатын еттей қылып, пісіріп, жеп қоясыңдар!»
Выбор основного перевода