Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Жаратқан Ие маған екінші рет сөзін арнап:— Нені көріп тұрсың? — деген сауал қойды. Мен:— Бір қазанды көріп тұрмын. Ол қайнап, тасып, солтүстіктен бізге қарай төгілейін деп жатыр, — деп жауап бердім. Ендеше сіздерге пайғамбар болып жүргенсіген анатоттық Еремияға неліктен осы уақытқа дейін тыйым салмай жүрсіз? Ол тіпті Бабылдағы біздерге сәлемхатын жолдап былай деді: «Сендер сол жақта әлі ұзақ уақыт боласыңдар. Сондықтан үй салып, қоныстаныңдар, бау-бақша отырғызып, өнімін жеңдер!» деп жазды». «Ей, пендем, Исраил елінде жұрт: «Уақыт өте күндер созылар, әрбір аян да ғайып болар» деген мәтелді келтіріп жүр, бұл қалай? «Пендем, Исраил халқы былай деп жүр: «Сол кісінің көрген аяны бұдан көп жылдан кейін ғана орындалады! Ол сонау болашақта болатындар жайлы пайғамбарлық сөз айтып жүр». Осы бас көтергіш халыққа мына астарлы сөзді айтып бер: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қазанды көтер, суыңды құйып, етіңді ас! Өйткені Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қан төгуші Иерусалим қаласы қасіретке қалады! Ол тот басып, тазартылмаған қазанға ұқсайды. Содан жеребе салмай-ақ, еттің кесектерін біртіндеп түсіріп алып, қазанды бос қалдыр! Мұндайлар: «Иелеріңнің қайтып келетіні жайлы берген уәдесі қайда, ә? Аталарымыз қайтыс болғаннан кейін де барлық жайттар еш өзгеріссіз, жаратылыстың басталуынан бергі қалпында қалып келеді ғой», — дейді.
Выбор основного перевода