Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тек Әлемнің Иесін ғана киелі деп құрметтеп, терең қастерлеңдер, (Оның еркіне қарсы шығудан) шошынып дірілдейтін болыңдар! Жаратқан Ие сендер үшін паналайтын киелі орын іспетті болмақ. Бірақ Ол Исраилдің екі патшалығы үшін адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты, әрі Иерусалимнің тұрғындарын түсіретін тұзақ пен тор секілді болады. Бірақ Мен кейбіреулеріңді жаудың семсерінен аман қалдырып, бөгде халықтар мен елдердің арасына таратып жіберемін. Тұтқындалып, басқа халықтардың арасына айдалып кеткен адамдарың сол кезде Мені естеріне алатын болады. Олар өздерінің Менен сырт бұрылған опасыз жүректеріне және тәңірсымақтарына құштарлана қараған көздеріне Менің қалайша қайғырғанымды сонда түсінбек. Ақырында олар істеген зұлымдықтары мен жексұрын салт-дәстүрлері үшін өздерінен-өздері жиренетін болады. Олар Менің Жаратқан Ие екенімді, әрі осы ғаламат апатты бастарына түсіремін деп бекер айтпағанымды білетін болады. Құдайың Жаратқан Ие араңда тұр! Ол — батыр іспетті құдіретті Құтқарушы саған қатты шаттанады, сүйіспеншілігімен сені тыншытып, саған қуанып мерекелейді». Уа, Яһуда халқы әрі (Солтүстік) Исраил халқы! Сендер бұрын басқа ұлттардың арасында қарғысқа ұшырағанның мысалы болып келген едіңдер. Ал енді Мен сендерді құтқарамын, сонда сендер жарылқанып, игілікке кенелесіңдер. Қорықпаңдар, қолдарыңның күшін нығайтыңдар!»
Выбор основного перевода